Құрметті ардақты қариялар! Сіздерді 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – өмірдің сан тарау жолдарын жүріп өткен, маңдай терімен елге еңбек сіңірген, ұрпақ тәрбиелеп, өнеге көрсеткен сіздерге деген шексіз алғысымыздың, құрметіміздің белгісі. Сіздердің даналықтарыңыз бен өмірлік тәжірибелеріңіз – біз үшін үлкен қазына. Еліне еңбегі сіңген әрбір ақсақал мен ақ жаулықты ананың алдында бас иеміз. Сіздердің ақ баталарыңыз, жылы сөздеріңіз – әрдайым бізге күш-жігер береді. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, баянды бақыт тілейміз! Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, аман-есен жүре беріңіздер!

13.10.2025
Просмотров: 1746


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу