Текст
29.04.2026
Мектебіміздің ауласында игі іс жалғасын табуда! 9-сыныптардың сынып жетекшісі Бахи А. және мектепіміздің аға тәлімгері Харагиз Ж. оқушылармен бірге мектеп ауласына шырша отырғызды. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз. Бүгін отырғызылған әрбір көшет – ертеңгі жарқын болашақтың белгісі!
29.04.2026
Деструктивті діни ағымдардың белгілері және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу Қазіргі таңда қоғам қауіпсіздігіне кері әсер ететін маңызды мәселелердің бірі – деструктивті діни ағымдар, діни экстремизм және терроризм. Бұл құбылыстар жас ұрпақтың санасына теріс ықпал етіп, қоғам тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан олардың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілері: Дәстүрлі діндер мен ұлттық құндылықтарды жоққа шығару; Қоғамнан, отбасыдан оқшаулануға шақыру; Белгілі бір топқа немесе көшбасшыға шексіз бағынуды талап ету; Сыни ойлауға тыйым салу, тек өз ілімдерін абсолютті шындық ретінде көрсету; Агрессияны, төзімсіздікті немесе «бөтендерге» қарсы көзқарасты насихаттау; Жасырын әрекет ету, өз мақсаттарын ашық айтпау. Діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі: Діни экстремизм – дінді саяси мақсатта пайдаланып, қоғамда алауыздық туғызуға бағытталған әрекет. Ал терроризм – күш қолдану арқылы қорқыныш тудыру және белгілі бір мақсаттарға жету тәсілі. Бұл әрекеттер адам өміріне қауіп төндіріп, елдің тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Алдын алу шаралары: Оқушылардың діни сауаттылығын арттыру; Сыни ойлау қабілетін дамыту; Интернеттегі күмәнді ақпараттарға сақтықпен қарауды үйрету; Ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз байланысын қамтамасыз ету; Психологиялық қолдау көрсету және сенімді орта қалыптастыру; Күмәнді жағдайларда тиісті мамандарға немесе құқық қорғау органдарына жүгіну. Маңызды ескерту: Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға үлес қосуы тиіс. Кез келген күмәнді діни ұйымдарға немесе ақпараттарға тап болған жағдайда, бейжай қарамай, дер кезінде шара қолдану қажет. Бұл ақпараттық хаттың мақсаты – оқушылар мен ата-аналарға қауіптің алдын алу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау.
21.04.2026
Мектебімізде әр апта сайын тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бұл шара оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелейді. Әр сыныпқа арнайы міндеттер бөлініп, оқушылар өздеріне тапсырылған аумақты ретке келтіреді. Тазалық күні сынып бөлмелері жуылып, тақталар сүртіліп, парталар реттеледі. Сонымен қатар, мектеп ауласы да назардан тыс қалмайды: қоқыстар жиналып, гүлдерге су құйылып, айнала көркейтіледі. Мұндай жұмыстар оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеуіне көмектеседі. Тазалық жүргізу – тек міндет қана емес, сонымен қатар жақсы әдет қалыптастырудың бір жолы. Таза мектеп – дені сау, білімге құштар оқушылардың кепілі.
15.04.2026
12 сәуір – Ғарышкерлер күні құтты болсын! Бұл күн – адамзаттың ғарышты бағындырудағы алғашқы үлкен қадамының символы. 1961 жылы Юрий Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшып, тарихта мәңгі қалды. Біз үшін бұл мереке ерекше мақтанышқа толы. Себебі қазақ жерінен шыққан батыр ғарышкерлеріміз бар:
10.04.2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ .9-сынып оқушысы Жанболат Рукия . Ақмола облыстық білім басқармасының жанындағы «Bolashaq Saraiy» ұйымдастырған «Ауа, су, жер» экологиялық 9–11 сынып оқушылары арасында өткен ғылыми жобасында өз тәжірибесімен бөлісіп, беделді додаға белсене қатысып, өз білімін жоғары деңгейде көрсетіп сертификатпен марапатталды. Жетекшісі: Жакиенова Анар Сериковна алғыс хатпен марапатталды Дайындаған жетекшісіне алғыс білдіреміз. Білімді шәкірттеріңіз көп болсын!
01.04.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі «Ескенежал негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
26.03.2026
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Мектебімізде Наурыз мерекесі жоғары деңгейде, мазмұнды әрі көңілді түрде аталып өтті. Бұл мереке ұстаздар мен оқушыларға ерекше әсер сыйлап, ұлттық салт-дәстүрлерімізді кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. Мерекелік бағдарлама барысында әндер айтылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, көріністер қойылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. Осындай шаралар арқылы оқушыларымыздың ұлттық құндылықтарға деген құрметі артып, бірлік пен татулық нығая түсті. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы әр шаңыраққа береке мен ырыс әкелсін!
10.03.2026
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Біздің мектебімізде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мереке барысында оқушылар аналарға, әжелерге және ұстаздарға арналған жүрекжарды құттықтауларын айтып, әсем әндер шырқап, билер билеп, түрлі көріністер көрсетті. Бұл күн – нәзіктік пен мейірімнің, жылулық пен құрметтің мерекесі. Оқушыларымыз өз өнерлері арқылы аналарға деген шексіз алғыстары мен сүйіспеншіліктерін білдірді. Барша аруларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасы амандығын тілейміз!
25.02.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ескенежал ауылының негізгі орта мектебі» МКҚК 2025 жылғы есебі.
/public/files/2026/2/28/280226_001927_1publichnoe-obsughdenie-2025-rus.docx
/public/files/2026/2/28/280226_001945_2publichnoe-obsughdenie-2025-kaz.docx
24.02.2026
«Конституциялық өзгерістер: олар не үшін және қалай қабылданады» Аудандар мен қалалардың білім беру ұйымдары үшін Конституциялық өзгерістер — мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіруге, қоғам сұранысына жауап беруге және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Мұндай өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және демократиялық институттарды нығайтуға қызмет етеді. Конституцияға өзгерістер енгізу белгіленген заңнамалық рәсімдер арқылы жүзеге асырылады. Әдетте бастама уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан ұсынылып, қоғамдық талқылаудан өтеді, содан кейін Парламентте қаралады немесе республикалық референдум арқылы қабылданады. Бұл үдеріс ашықтық, заңдылық және халықтың қатысу қағидаттарына негізделеді. Білім беру ұйымдарының басты міндеті — білім алушылардың конституциялық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және белсенді азаматтық ұстанымын дамыту. Осы бағытта тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, пікірталастар мен ақпараттық кездесулер ұйымдастыру ұсынылады.