"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ескенежал ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Ескенежал отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адал ұрпақ

Первомай  негізгі мектебінің 2018 – 2019 оқу жылындағы «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы
 

 

 

Атқарылатын жұмыстар

Түрі

Мерзімі

Жауаптылар

1

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубын құру

Ұйым

Қараша

Уай М.

Сынып жетекшілер

2

«Біз жемқорлыққа қарсымыз!»

Сауалнама

Желтоқсан

Клуб мүшелері

3

«Адал ұрпақ» бұрышын жасау

Бұрышты жаңарту

Қаңтар

Өзін-өзі басқару ұйымы

Клуб мүшелері

4

«Ел болашағы жастардың қолында»

Дөңгелек үстел

Қаңтар

Уай М

Клуб мүшелері

5

«Жемқорлық індет, жою міндет»

Сынып сағаты

Ақпан

Жухай Ж.

Клуб мүшелері

6

«Адалдық жүрген жерде -адамдық жүреді»

Пікірлесу сағаты

Наурыз

Ахатхан Айтолхын

Клуб мүшелері

7

«Салауатты өмір»

Кездесу

Сәуір

Медбике Сынып жетекшілер

8

Үздік флешмоб

Сайыс

Желтоқсан-Мамыр

Уай М.

Клуб мүшелері













 

 

 

Тәрбие сағаты

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жемқорлық індет, жою міндет»
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейеді;
3. Патриоттық тәрбие қалыптасады;
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Көңіл ашар сәті.
(Атамекен музыкасымен би қимылдарын жасау)

3. Дөңгелек үстел.
(Бір парақ қағазға Отан тақырыбына топтағы әр оқушы бір сөйлемнен жазады.)
Әр топ өз шығармасын оқып, қорғайды.
4. Үй тапсырмасын сахналау.
1 топтың тапсырмасы: Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар: 1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

2 - топтың тапсырмасы: Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке - шешесі салғырттық танытады.

Сұрақтар: 1. Нұрланның ата - анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?

3 - топтың тапсырмасы. 4 - сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын, яғни 5 - сыныпқа келген соң, өзін - өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке толы күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып, бойындағы ерекше бір қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп, мектептегі «Тұмар» пікір - сайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге келді. Осы ойын ата - анасына жеткізді. Ата - анасы Жалғастың ойына қарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі жазғызып қойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екендігін, заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата - анасының айтқанын дұрыс санап, соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата - анасымен келісуге мәжбүр болды.
Сұрақтар: 1. Жалғастың ата - анасының іс - әрекетін қалай бағалайсыз?
2. Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
3. Жалғастың ата - анасының шешімімен келісуі дұрыс па?

Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:

1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат,
портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету)«Шелектің бетін жалағандар тұтылады, түбін жалаған тұтылады» деген мақалдың осыған қатысты екенін дәлелдеу.
5. Нашақорлық дамып бара жатыр, себебі шетелдерден әкеледі, кейбір кедендер өз жұмыстарын жауапты орындамай, заң бұзушылыққа барады. Бұл жемқорлыққа жата ма?

Тәрбие сағатын қорыту.
Сұрақ - жауап
Оригами жасау.
•Еңбек сабағымен байланыстыру
•Көгершін құсы туралы ой қозғау
«Жүрек жылуы» тілек арнау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Адалдық жүрген жерде- адамдық жүреді» пікірлесу сағаты

 Сыныптан тыс жұмыс

«Адалдық  жүрген  жерде- адамдық  жүреді» пікірлесу   сағаты

 

Мақсаты:  Оқушыларға өмірде  ата-анаға,  досқа адал  бола  білуге  баули  отырып,  әр  адамның  адал  ісі  мен  адамдығы  көрінетінін  білуге  тәрбиелеу.

 

Барысы:

Адамның  ниеті,  ойы,  іс-әрекеті  шындыққа негізделгенде адам  өзіне  де,  өзгеге  де  адал  болады. Адал  болу  кез-келген  адамның  өз  қолында.  Ол  біздің ішкі  жан-дүниемізден  бастау  алады.  Адамның  көңілі  таза,  пейілі кең,  адал,  шыншыл  болғанда  әділдікке  қол  жеткізеді.

Адалдық  өмірінде  керек  нәрсе,

Ол да  гүлдеп,  нұрланар  көңіл  бөлсе.

Халыққа  өз  пайдасын  тигізе  алмай,

Адам  боп,  өзін-өзі  меңгермесе,-  демекші  әр  адам  дүние  есігін  ашып  шыр  етіп  өмірге  келген  күннен  бастап жүрек қалауымен  ,  ата-анасының  берген  тәрбиесімен,  жақсылық  жамандықты  көре  жүріп  өмір  сүре  бастайды. «Дүниеде  әділдік  пен адалдықты  ту  еткен   адамнан  артық  ешкім  жоқ»  дегендей  бүгінгі  «Адалдық  жүрген  жерде-адамдық  жүреді»  атты    пікірталасу  сағатына  қош  келдіңіздер. Келген  қонақтар,  оқушылар  бүгінгі  кеште  адалдық,  адамдық  жайында  ойымызды  ішімізге  бүкпей  ортаға  сала  отырайық. Бүгінгі  пікірталасу сағатымыз  үш  бөлімнен  тұрады.

І-бөлім-  сұрақтарға  өз  ойын  білдіру.

ІІ-бөлім- адалдық,  адамдық  туралы  мақал-мәтелдерге  түсінік  беру.

ІІІ-бөлім- ситуациялық  сұрақтарға  өз  ойын  білдіру.

І-бөлім.

  1. Жалпы адалдық  дегенді  қалай  түсінесіңдер?
  2. Адал дос  дегенді  қалай  түсінесіңдер?
  3. Адал болу  кез-келген  адамның  қолынан  келмейді?  Неліктен?
  4. Ата-анаға, бауырға,  ортаға  жалпы  өмірде  адал  болу  дегенді  қалай түсінесіңдер?
  5. Сен өзіңді  адал  жанмын  деп  айта  аласың  ба?

ІІ-бөлім.

Мақал-мәтел- халық  даналығының  бір  түрі.Олардың  тақырыптары  да  әр  алуан.  Мақал-мәтелдің  мағына  -мәні  де  терең,  аз  сөзбен  көп  мағынаны,  үлкен   ойды  жеткізеді.  Ендеше  бүгінгі адалдық  тақырыбындағы  мақал-мәтелдерді   айта  отырып,  мағынасын  түсіндіріп  өз  ойымызды білдірсек.Бүгінгі  тақырыбымыз  «Адалдық  жүрген  жерде-адамдық  жүреді»дегенді  қалай  түсінесіңдер?  Оқушылар  өз  түсініктерін,өз  ойларын  айтты.Осы  тақырыпта  тағы  қандай  мақал-мәтелдер  білесіңдер?

ІІІ-бөлім.

Бүгінгі  кешімізге  келген  қонақтарымызға  дайындаған  ситуациялық  сұрақтарымыз  бар. Ендеше  кезек  берейік.

1.Сенің  Айнұр  шын  сырлас, мұңдас  досың.  Ол  сыныбыңдағы  Айгүлмен  ренжісіп  қалады  да  саған келіп  Айнұрдың кемшіліктерін  айтып  досыңды  жамандады. Сенің  әрекетің?

  1. Ажар мен  Алмагүл сабақтан келе  жатыр  еді. Ажар  жарнамадан  жаңа  фильмнің  басталғанын  көрді. Менің  қалтамда  апамның «самса алып  жерсің» деп берген  ақшасы бар.  Кеттік,  кино  көрейік,- деді.  Алмагүл: Үйден  сұранып  шыққан  жоқпыз. Іздеп  қалады  ғой,-  деп  іркіліп  қалды. Ештеңе  етпес, «мектепте болдық»  деп  айта  саламыз.  Ажардың  ұсынысына  сен  қалай  жауап берер едің?
  2. Менің ең жақын  досым  мектепте  бір  баламен достасқан,  ол  күнде кешке  қарай  мені өзімен  бірге  серуендеп  жүруге  шақырады. Ол:  «менің  анам, сенімен  бірге  жүргенімді  білсе,  ол  қарсы  болмайды»,-дейді. Досым  үйінде ата-анасы ұрыспауы  үшін,  мен  бірнеше  рет  телефон  арқылы  оларға  өтірік  айттым..  Басында  мен  қиналмастан,  оларды  жасырып  жүрдім,  ал  қазір  олар  мені  пайдаланып  жүр,  ал  мен  күнде  өтірік  айтуды  ұмытпайтын  болдым.  Менің  досымнан  ажырағым  келмейді.  Сонда  менің  не  істеуім керек?

Сендер  баланың  сұрағына  қалай  жауап  берер  едіңдер?

Қазақ  халқы  қандай  да бір  дау  шықса  билерге  барып  істің  ақ-қарасын,  әділдігін  шешеді.  Ендеше  бүгінгі  кешімізге  оқушылардың  дайындап  келген  адалдық  жайында  ертегілері  бар  екен.  Соларға  кезек  берейік.

Білім   мен өнерді  сүй,  сусында,

Деп  айтсын  ел  «Осындай ер  тусын  да!»

Арың  адал,  әділ  болсаң  әрқашан,

Дүниенің  бар бақыты  уысында.

Түспегені  абзал ғой  арға  дақтың,

Күйін  кешпе  түнде  ұшар жарғанаттың,

Адал  адам  әрқашан-еңсесі  тік,

Әділдікті ту еткін, қолғанатым.

Бүгінгі  кеште  ойымызды  ортаға  салып адалдық,  адамдық  туралы  көп нәрселер  айтылды. «Адалдық-адамдықтың  белгісі»  демекші осы  өмірде  адал болып,  тек  адалдық  істер  істеп  адамдығымызды   көрсетіп,   кейінгіге үлгі болып  жүрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ел болашағы – жастардың қолында (дөңгелек үстел)

Баянды бақыт таймасын, халқым басыңнан,

Мол үміт күтем, жас ұрпақ сендей асылдан!                                                      

Елбасымыз Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр,- деп, жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни жастарға бұйырған - баға жетпес бақыт.

Елімізді өркендетіп, мемлекетімізді көркейту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие алу - жастардың басты міндеті екендігін ескеретін болсақ, мектептің жас  ұстаздары өткізген ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар мен тәрбие жұмыстары соның дәлелі екендігін көрсетеді.

Тәрбиелік мақсатта өткізілген дөңгелек үстел барысында мектеп түлегі жас ұстаз Мырзат С тақырып бойынша «Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз деп білем. Ойлаған арманым, алға қойған мақсаттарым көп. Мен жарқын болашаққа сенемін. Болашағымның жарқын болатынын Елбасының сындарлы саясатынан, елімнің тұрақтылығы мен білім саласындағы жетістіктерінен болжап отырмын. Қолымнан келгенше мектебіміздегі ұлағатты ұстаздардан білім алып, өз біліктілігімді жетілдіруге барымды саламын. Ел боламын десең, бесігіңді түзе,- дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында». Сонымен ертеңгі ел болашағы жастар, адал да, адамгершілігі мол болғаны дұрыс. Жемқорлық жалпы біз өмір сүріп отырған қоғамның қас жауы,сондықтан әрбір жас, әрбір адам жемқорлықтың алдын алу үшін әрекет ету керек-деп өз ойын еркін жеткізе білді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында мекбеміздің жас ұстаздарының бірі Мурат Кадыржан Еліміздің еңсесін биік етіп, көк туымызды көкке желбіретіп жүрген жалынды жастарды, мектебіміздің оқушылары, олардың жеңістерін атап, олардың жеткен жетістіктері мен бағындырған белестерін айтып өтті. Мектебіміздегі жұмыс істеп келе жатқан «Адал ұрпақ» клубының жұмыс барысымен таныстырды. Келесі кезекте мектебіміздің аға тәлімгері Уай Мейрамхан «Парасат» және «Адал ұрпақ»бұрышының рәсімделуімен, осы клубтар бойынша белсенді істер атқарып жүрген өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын атап өтті.

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «жалқаулықты жанға серік етіп жатудың» өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету жастардың басты міндеті. 

Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Мектебіміздің оқытушылар құрамы да дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында білім мен ғылымды жанына серік еткен  Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.

Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет.  Тәуелсіздік жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – білімді және адалдық жолын аттамамайтын жастардың қолында.

 

 

            

Жаңартылған күні: 01.01.1970 06:00
Құрылған күні: 02.03.2021 17:15

Мәзір

Текст