Текст

Құрметті сайт пайдаланушылар!
Сіз бен бізді табыстырып отырған осы сайтқа қош келдіңіздер! Біздің сайттан мектебіміз туралы толыққанды ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, соңғы жаңалықтардан құлағдар болып,өзіңізге қажетті ақпараттарды жүктей аласыз, мектептің тыныс тіршілігімен де толық таныса аласыздар. Сіз бен біздің байланысымыздың жемісті де, қызықты боларына және біздің сайт пайдалаушысы өзіне нақты ақпараттарды ала алады деген сенімдемін.
14.05.2026
Жемқорлық — қоғамның дамуына кедергі келтіретін ең үлкен мәселелердің бірі. Ол әділдікті жойып, халықтың сеніміне сызат түсіреді. Әрбір берілген пара, әрбір заңсыз әрекет ел болашағына жасалған қиянатпен тең. Сондықтан жемқорлықпен күрес — тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әр азаматтың міндеті. Біз әділ әрі дамыған қоғамда өмір сүргіміз келсе, адалдықты басты құндылық ретінде қалыптастыруымыз керек. Адал еңбек пен таза ниет қана мемлекетті алға жетелейді. Жастардың санасына парасаттылық пен әділдікті сіңіру — болашақтың кепілі. Себебі жемқорлық бар жерде мүмкіндік тең болмайды, ал әділдік орнаған жерде әр адам өз еңбегімен жетістікке жете алады. Бүгінгі таңда еліміздің болашағы біздің таңдауымызға байланысты. Егер әрқайсымыз заңды құрметтеп, әділетсіздікке бейжай қарамасақ, онда қоғамымыз да өзгереді. Жемқорлыққа қарсы мәдениет отбасынан, білім ордаларынан және күнделікті өмірден басталады. Таза қоғам — жарқын болашақтың негізі. Жемқорлыққа жол жоқ! Адалдықты таңдайық, әділ қоғамды бірге құрайық! ✊ #ЖемқорлыққаЖолЖоқ #Адалдық #ТазаҚоғам #Әділдік #Болашақ
13.05.2026
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Бұл — ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігін күзетіп жүрген айбынды азаматтарға көрсетілетін ерекше құрмет күні. Отанды қорғау — әр азаматтың қасиетті борышы, елге деген адалдықтың, ерліктің және патриоттық рухтың белгісі. Осы мерекеде барша ер азаматтарды, әскери қызметкерлерді, ардагерлерді және ел қорғаны болуға дайын азаматтарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, өмірлеріңізге береке тілейміз. Еліміздің көк туы әрдайым биікте желбіреп, халқымыз бейбіт өмір сүре берсін! Жас ұрпақ елін, жерін сүйетін нағыз патриот болып өссін! Отан қорғаушылар күні — ерлік пен елдік мерекесі! Мереке құтты болсын!
13.05.2026
Мектебіміздің көркеюіне үлес Бүгін мектебіміздің оқушылары мектеп ауласына гүл көшеттерін отырғызып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. Бұл шараның басты мақсаты — оқушыларды еңбекқорлыққа, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу және мектеп ауласын әсемдеу. Гүл егу — тек көріктендіру ғана емес, ол тазалыққа, жауапкершілікке және бірлікке баулитын игі іс. Оқушылар белсенділік танытып, өз қолдарымен отырғызған гүлдерге ерекше қамқорлықпен қарады. Табиғатты қорғау — әр адамның парызы! Көрікті мектеп — жарқын болашақтың бастауы.
12.05.2026
9 мамыр — Жеңіс күніне орай мектебіміздің оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым ету мақсатында ескерткіш басына барып, гүл шоқтарын қойды. Бұл — ерлік пен батырлықты ұмытпай, бейбіт өмір сыйлаған қаһармандарға деген құрметтің белгісі. Оқушылар майдангер аталарымыздың рухына тағзым етіп, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін білдірді. Ерлік ешқашан ұмытылмайды! Бейбіт күніміз мәңгі болсын!
29.04.2026
Мектебіміздің ауласында игі іс жалғасын табуда! 9-сыныптардың сынып жетекшісі Бахи А. және мектепіміздің аға тәлімгері Харагиз Ж. оқушылармен бірге мектеп ауласына шырша отырғызды. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз. Бүгін отырғызылған әрбір көшет – ертеңгі жарқын болашақтың белгісі!
29.04.2026
Деструктивті діни ағымдардың белгілері және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу Қазіргі таңда қоғам қауіпсіздігіне кері әсер ететін маңызды мәселелердің бірі – деструктивті діни ағымдар, діни экстремизм және терроризм. Бұл құбылыстар жас ұрпақтың санасына теріс ықпал етіп, қоғам тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан олардың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілері: Дәстүрлі діндер мен ұлттық құндылықтарды жоққа шығару; Қоғамнан, отбасыдан оқшаулануға шақыру; Белгілі бір топқа немесе көшбасшыға шексіз бағынуды талап ету; Сыни ойлауға тыйым салу, тек өз ілімдерін абсолютті шындық ретінде көрсету; Агрессияны, төзімсіздікті немесе «бөтендерге» қарсы көзқарасты насихаттау; Жасырын әрекет ету, өз мақсаттарын ашық айтпау. Діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі: Діни экстремизм – дінді саяси мақсатта пайдаланып, қоғамда алауыздық туғызуға бағытталған әрекет. Ал терроризм – күш қолдану арқылы қорқыныш тудыру және белгілі бір мақсаттарға жету тәсілі. Бұл әрекеттер адам өміріне қауіп төндіріп, елдің тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Алдын алу шаралары: Оқушылардың діни сауаттылығын арттыру; Сыни ойлау қабілетін дамыту; Интернеттегі күмәнді ақпараттарға сақтықпен қарауды үйрету; Ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз байланысын қамтамасыз ету; Психологиялық қолдау көрсету және сенімді орта қалыптастыру; Күмәнді жағдайларда тиісті мамандарға немесе құқық қорғау органдарына жүгіну. Маңызды ескерту: Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға үлес қосуы тиіс. Кез келген күмәнді діни ұйымдарға немесе ақпараттарға тап болған жағдайда, бейжай қарамай, дер кезінде шара қолдану қажет. Бұл ақпараттық хаттың мақсаты – оқушылар мен ата-аналарға қауіптің алдын алу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау.
21.04.2026
Мектебімізде әр апта сайын тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бұл шара оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелейді. Әр сыныпқа арнайы міндеттер бөлініп, оқушылар өздеріне тапсырылған аумақты ретке келтіреді. Тазалық күні сынып бөлмелері жуылып, тақталар сүртіліп, парталар реттеледі. Сонымен қатар, мектеп ауласы да назардан тыс қалмайды: қоқыстар жиналып, гүлдерге су құйылып, айнала көркейтіледі. Мұндай жұмыстар оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеуіне көмектеседі. Тазалық жүргізу – тек міндет қана емес, сонымен қатар жақсы әдет қалыптастырудың бір жолы. Таза мектеп – дені сау, білімге құштар оқушылардың кепілі.
15.04.2026
12 сәуір – Ғарышкерлер күні құтты болсын! Бұл күн – адамзаттың ғарышты бағындырудағы алғашқы үлкен қадамының символы. 1961 жылы Юрий Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшып, тарихта мәңгі қалды. Біз үшін бұл мереке ерекше мақтанышқа толы. Себебі қазақ жерінен шыққан батыр ғарышкерлеріміз бар:
10.04.2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ .9-сынып оқушысы Жанболат Рукия . Ақмола облыстық білім басқармасының жанындағы «Bolashaq Saraiy» ұйымдастырған «Ауа, су, жер» экологиялық 9–11 сынып оқушылары арасында өткен ғылыми жобасында өз тәжірибесімен бөлісіп, беделді додаға белсене қатысып, өз білімін жоғары деңгейде көрсетіп сертификатпен марапатталды. Жетекшісі: Жакиенова Анар Сериковна алғыс хатпен марапатталды Дайындаған жетекшісіне алғыс білдіреміз. Білімді шәкірттеріңіз көп болсын!
01.04.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі «Ескенежал негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы