2018-2019 оқу жылының оқу- әдістемелік жұмысының жылдық есебі
Первомай негізгі мектебінің 2018-2019 оқу жылына арналған оқу-тәрбие мәселесі: Педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізе отырып, білім беру үрдісінің сапасын арттыру.
Білім алушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыта отырып, білім сапасын арттыру мақсатында жұмыс атқарып келеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру жолында.
1.Білім алушылардың саналы тәрбие мен сапалы білім алуын жеке оқушыны қажеттілігіне сай қолжетімді біліммен қамтамасыз ету;
2.Сын тұрғысынан ойлау негізіне бағытталған коучингтер мен зерттеу сабақтарына қатысу;
3.Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқыту үрдісіне енгізу; Мұғалімдердің тәжірибелік және теориялық дайындығының сапасына көңіл бөлу.
2018-2019 оқу жылында педагог қызметкерлердің жалпы саны-17 адам, соның ішінде 14 мұғалім оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында жұмыс жасауда. Психолог-педагогикалық қызметті-1 адам атқарады. Және де қосымша істеуші химия пәнінің мұғалімі Ақадыр орта мектебінен келіп химия пәнінен сабақ береді. 2019 жылы қаңтар айында бір қызметкер өз өтініші бойынша қызметтен босатылды.
2018-2019 оқу жылының оқушылардың сапалық құрамы
Барлық оқушылар саны - 51 /39
Үздіктер- 15
Екпінділер – 24
Білім сапасы – 76 %
1- 4 сынып қорытындысы
Барлық оқушылар саны - 22/17
Үздіктер- 11
Екпінділер – 6
Білім сапасы – 77 %
5 – 9 сынып қорытындысы
Барлық оқушылар саны - 29/22
Үздіктер- 4
Екпінділер – 18
Білім сапасы – 76 %