Текст

Құрметті сайт пайдаланушылар!
Сіз бен бізді табыстырып отырған осы сайтқа қош келдіңіздер! Біздің сайттан мектебіміз туралы толыққанды ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, соңғы жаңалықтардан құлағдар болып,өзіңізге қажетті ақпараттарды жүктей аласыз, мектептің тыныс тіршілігімен де толық таныса аласыздар. Сіз бен біздің байланысымыздың жемісті де, қызықты боларына және біздің сайт пайдалаушысы өзіне нақты ақпараттарды ала алады деген сенімдемін.
25.02.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ескенежал ауылының негізгі орта мектебі» МКҚК 2025 жылғы есебі.
/public/files/2026/2/28/280226_001927_1publichnoe-obsughdenie-2025-rus.docx
/public/files/2026/2/28/280226_001945_2publichnoe-obsughdenie-2025-kaz.docx
24.02.2026
«Конституциялық өзгерістер: олар не үшін және қалай қабылданады» Аудандар мен қалалардың білім беру ұйымдары үшін Конституциялық өзгерістер — мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіруге, қоғам сұранысына жауап беруге және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Мұндай өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және демократиялық институттарды нығайтуға қызмет етеді. Конституцияға өзгерістер енгізу белгіленген заңнамалық рәсімдер арқылы жүзеге асырылады. Әдетте бастама уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан ұсынылып, қоғамдық талқылаудан өтеді, содан кейін Парламентте қаралады немесе республикалық референдум арқылы қабылданады. Бұл үдеріс ашықтық, заңдылық және халықтың қатысу қағидаттарына негізделеді. Білім беру ұйымдарының басты міндеті — білім алушылардың конституциялық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және белсенді азаматтық ұстанымын дамыту. Осы бағытта тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, пікірталастар мен ақпараттық кездесулер ұйымдастыру ұсынылады.
13.02.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» «Ескенежал ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2026 жылдың 1 наурызына дейін ресми интернет-ресурста мектептің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметтік есебінің ашық талқылауға ұсынылатынын хабарлайды. Осыған байланысты барлық ниет білдірушілерді ашық талқылауға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.
12.02.2026
Есірткі заттарын тасымалдау, қолдану, тарату, сондай-ақ оны біреуге ұсыну – ауыр құқықбұзушылық екені түсіндірілді. Білімсіздік пен әуестік салдарынан жіберілетін қателіктердің, байқамай тасымалдаушыға айналудың және есірткінің табыс көзіне айналуының ауыр салдары туралы айтылды. Оқушыларға «Закладчик», «Мать» тақырыптарындағы бейнероликтер көрсетіліп, мұндай әрекеттердің адам өміріне, болашағына және отбасына тигізер зияны кеңінен түсіндірілді. Мақсат – жасөспірімдерді заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға, өз өмірі мен болашағын қорғауға тәрбиелеу. #ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП #ЗаңменТәртіп #Ақмола #ТәрбиеСағаты #ЖастарғаЕскерту
03.02.2026
Мектебімізде әр апта сайын сынып сағаттары өткізіледі. 9-сынып жетекшісі: Бахи .А
26.01.2026
Мектебіміздің оқушылары 7-8 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде жүлделі 1,2-ші орындарға ие болды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!! Тек қана алға!
23.01.2026
«Дос болайық» акциясы Достық – сыйластық пен өзара түсіністіктің негізі. «Дос болайық» акциясының мақсаты – оқушылар арасында мейірімділікке, бір-бірін құрметтеуге, татулық пен ынтымаққа тәрбиелеу. Біз буллингке, кемсітуге, қатыгездікке қарсымыз! Әр бала өзін қауіпсіз, еркін және бақытты сезінуге құқылы.
15.01.2026
Мониторинг
/public/files/2026/1/15/150126_195705_gluster20251230dc23dd516c30a153e811c67790655503original16820888-1.pdf
12.01.2026
III тоқсанның басталуымен құттықтаймыз! Қымбатты оқушылар! Міне, қысқы демалыс аяқталып, жаңа тоқсанға аяқ бастық. Үшінші тоқсан - ең ұзақ тоқсан. Кімде-кім қысқа ғана екінші тоқсанда толық ашыла алмаса, енді әркім өзінің барлық күш-жігерін көрсете алуына толықтай мүмкіндік бар. Оқуда, қоғамдық өмірде және сыныптан тыс жұмыстарда өз мүмкіндіктеріңді көрсетіп, жетістікке жете беріңіздер!
06.01.2026
Құрметті қауым! Сіздерді жарқын да жайдары Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өтіп бара жатқан жыл әрқайсымызға тәжірибе, сабақ және естен кетпес сәттер сыйлады. Ал алдағы жыл жаңа үміттерге, тың жетістіктерге, мол бақыт пен берекеге толы болсын! Жаңа жыл әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, ырыс пен ынтымақ әкелсін. Балалардың күлкісі, ата-ананың ақ батасы, ұстаздардың еңбегінің жемісі еселене берсін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, мол табыс және орындалған армандар тілейміз! Жаңа жыл құтты болсын! ✨